"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басшылығы Құрық портының аумағына жұмыс сапарымен барды

Бүгін "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басшылығы Құрық портының аумағына жұмыс сапарымен барды. "Құрық Порты" ЖШС Бас директоры Серік Ахметовпен кездесу барысында порт аумағын АЭА құрамына қосу арқылы "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушысы ретінде Құрық портын тіркеу мәселелері, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А. Смайыловтың аталған мәселе бойынша тапсырмасын іске асыру барысы талқыланып, бірқатар бірлескен іс-шаралар белгіленді. Бас директордың орынбасары Арман Шабанов порт қызметімен, инфрақұрылым объектілерімен және одан әрі даму жоспарларымен таныстырды. Порт аумағын қоса отырып, АЭА аумағын кеңейту бойынша ұсыныстар ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жолданды. Кездесу қорытындысы бойынша іс-шараларды нәтижелі жүзеге асыруға бағытталған жол картасы әзірленіп бекітіледі.

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 150